Елімізде кеден қызметі толығымен электронды декларациялау жүйесіне көшеді. Бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика және Қаржы министрлігі бірлесе әзірлеген "Кедендік реттеу туралы" заңнамасы ресми таныстырылды.
Оған сәйкес, бірқатар ауқымды өзгерістер енгізіліп отыр. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндауынша, Ұлттық кедендік кодекс Еуразиялық экономикалық кеден кодексіне қатысты талаптарды ескере отырып әзірленген. Онда негізінен 5 өзгеріс бар. Мәселен, электронды тауарлар дикларациясын мейлінше жеңілдету, әлемдік талапқа сәйкестендіру, уақыт үнемділігін сақтау, мемлекет пен бизнесте әріптестік орнату және ақпараттар мүмкіндігін ашық ету. Сондай-ақ, енді декларациялау 1 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылып, қағаз жүзіндегі рәсімдеулер тек техникалық ақау шыққан жағдай да ғана қолмен толтырылуы тиіс. Бұл транзиттік жүк тасымалына да тікелей қатысты. Бақыт Сұлтанов жаңа Ұлттық кеден кодексі жемқорлық әрекеттерін жоюға да бағытталғанын ескерте кетті.