Кедендік бажға қатысты құжат қабылданды

538

Қазақстан үшін норматив 6,955% болып бекітілді.

Кедендік бажға қатысты құжат қабылданды

Сенатта 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу, жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.

"Хаттама 2019 жылы 1 қазанда Ереванда жасалды. Хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделген. Нормативтердің мөлшері мүше бес мемлекет үшін айқындалған. Бұл ретте Қазақстан үшін норматив 6,955% болып бекітілген. Аталған нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз етуге арналған", – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов заң жобасын таныстыру барысында. 

Оның сөзінше, "Халықаралық шарттар туралы" заңға сәйкес хаттама ратификациялануға тиіс. 

"Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу