Кедендік тексерістердің 81%-ынан заңбұзушылық анықталды

106

Қазақстанда соңғы 10 айда 830 кедендік тексеріс жүргізілген.  

Кедендік тексерістердің 81%-ынан заңбұзушылық анықталды Фото: ratel.kz

Қазақстанда өткізілген кедендік тексерістердің басым бөлігінде заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.

Комитеттің дерегінше, қаңтар-қазан айларында 830 кедендік тексеріс жүргізілген. Оның 81%-ында заң талаптарының бұзылғаны анықталды.

Соның нәтижесінде:

  • 31 млрд теңге көлемінде қосымша төлемдер есептелді,
  • 24 млрд теңге өндіріп алынды,
  • Былтырмен салыстырғанда қосымша төлем 172%, ал өндіріп алу 266% өскен.

Сонымен қатар мамандар тексеріс барысында 534 әкімшілік іс қозғаған.

Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтардың тізімі:

  • 40% – кедендік құнды дұрыс көрсетпеу;
  • 20%  –тауарды қате жіктеу;
  • 11% – шектеуі бар тауарларды мақсатсыз пайдалану;
  • 9% – уақытша әкелу мен басқа да кедендік рәсімдерді бұзу.

Комитет өкілдері кедендік декларацияда жалған мәлімет көрсету әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Ал төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 10 000 АЕК-тен асса, онда ҚК-нің 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу