Кеденшілер құны 42 млн теңгені құрайтын тәркіленген тауарларды балалар және қарттар үйлеріне берді

641

​2022 жылдың 21 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының уақытша сақтау қоймасынан құны 42 млн теңгені құрайтын тәркіленген тауарлар 16 әлеуметтік мекемеге берілді. Әлеуметтік мекемелердің ішінде балалар үйлері мен қарттар үйлері бар. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Кеденшілер құны 42 млн теңгені құрайтын тәркіленген тауарларды балалар және қарттар үйлеріне берді

Осыған дейін, 2021 жылдың сәуір айында "Бақты" кеден бекетінде Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кедендік құны 42 млн теңге болатын 982 қорап декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар (аяқ киім, киім, ойыншықтар, өнерге арналған) тәркіленді. 

Тауар ЕАЭО арқылы Венгрияға транзитпен өткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Семей көлік прокуратурасы қаулы шығарып, оның аясында заттай дәлелдемелер болып табылатын халық тұтынатын тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру үшін ШҚО бойынша МКД-ға берілді. Алайда тасымалдаушымен де, тауардың иесімен де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін шаралар қабылданбаған.

"Шаралардың қабылданбауына байланысты тауар ұсталып, уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Департаментте тұрақты жұмыс істейтін комиссиямен одан әрі пайдалануға жарамды және сатылмаған тауарға қатысты уәкілетті заңды тұлға жергілікті атқарушы орган арқылы балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады комиттете. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу