"KEGOC" 2023 жылы таза кірісті 18%-ға арттыруды жоспарлап отыр

Бұл ақшаға шаққанда 31,5 млрд теңгені құрайды. 

"KEGOC" 2023 жылы таза кірісті 18%-ға арттыруды жоспарлап отыр Фото: inbusiness.kz

"KEGOC" АҚ-ның 2023 жылы күтілетін таза пайдасы 31 млрд 500 млн теңгені құрайды, деп хабарлады компанияның басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

"2023 жылы компанияның күтілетін таза табысы 31 млрд 500 млн теңгені құрайды. Біздің жоспарлы таза табысымыз 2022 жылмен салыстырғанда 18%-ға артады деп күтілуде", - деді Айтжанов сәрсенбіде өткен брифингте.

"KEGOC" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 26,7 млрд теңгені құрады.

Оның айтуынша, өсім 1 шілдеден бастап жаңа бірыңғай сатып алушы моделін және нақты уақыт режимінде электр энергиясы нарығын реттейтін жүйені енгізуге байланысты.

"KEGOC" АҚ Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің операторы функцияларын орындайды. Компанияның 90% үлесі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ға, 7,25% Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу