Кей кәсіпкер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын сатқан

502

Қаржылық мониторинг агенттігі осылай хабарлады.

Кей кәсіпкер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын сатқан

"Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз", – деген хабарландыру жасады агенттік.

Агенттіктің қызметіне мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп, жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында өңірлерде жан-жақты тексерулер өткізу кіретіні белгілі.

Таратылған хабарламаға сүйенсек, бүгінгі таңда жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталған. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу