Кей өңірлерде егін жинау науқаны аяқталуға жақын

373

БҚО-да астық жинау толық аяқталды.  

Кей өңірлерде егін жинау науқаны аяқталуға жақын Фото: Үкімет

Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында астықтың 95%-дан астамы жиналды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бірқатар өңірлерде астық жинау жұмыстары аяқталуға жақын. 

"Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында астық жинау толық аяқталды, ал Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында 95%-дан астамы жиналды. Қазіргі уақытта егін жинау жұмыстарының басым бөлігі негізгі астық егетін өңірлерде жүргізілуде. Осылайша, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде жүргізіліп, қазіргі уақытта аяқталу кезеңінде тұр. Егін жинау науқанына 130 мың трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және 130 мың бірлік өзге де техника жұмылдырылды", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Оның ішінде егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында сатып алған 12,7 мыңнан астам трактор мен 2,3 мың комбайн қатысуда. Бұл қолда бар тракторлар мен комбайндар паркінің шамамен 10%-ы, дейді Азат Сұлтанов.

"Техника паркінің тозу деңгейі 70%-ға дейін төмендеп, оны жаңарту деңгейі 6,5%-ға жеткізілді. Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді.  Бүгінгі күнге 268 мың тоннасы немесе бөлінген көлемнің 67%-ы жөнелтілді. Сонымен қатар, егін жинау кезеңіндегі жауын-шашынды ескере отырып, астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді", – деп атап өтті АШМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін  осы аптада тағы 5 өңірде жылу берілетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу