Кейбір ақпараттық жүйелер "Азаматтарға арналған үкіметтің" сенімді басқаруына берілмек

808

Кейбір ақпараттық жүйелер "Азаматтарға арналған үкіметтің" сенімді басқаруына берілмек

ҚР үкіметі отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкіметті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Абаевтың айтуынша министрлік "Paper Free" форматы бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндігін — қағаз түріндегі құжат айналымын жою, "бір өтінім" қағидасына көшуді қарастырады.
Бастапқы есептеулер бойынша, аталған шараларды іске асыру таяу уақытта 20 млн астам анықтаманы толығымен жоюға мүмкіндік бермек.  
"Қазіргі уақытта 746 мемлекеттік қызмет көрсетудің "Азаматтарға арналған үкіметке" 621-і берілді, бұл 83% астамын құрайды. Аталған қызметтерді 349 фронт-офистер көрсетеді, онда жыл сайын шамамен 37 млн қызметті ұсына отырып, 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі.
Бұдан өзге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сенімді басқаруына кейбір ақпараттық жүйелерді беру мәселесі пысықталуда, олардың ішінде "eGov" электронды үкіметі порталы, "mGov" мобильді қосымшасы, ХҚКО ЫАЖ, "Жылжымайтын мүлік тізілімі" ММБ және "Мемлекеттік жер кадастры" ААЖ бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу