Оның сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 727 автомектеп бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халық қалаулысы автомектептердің қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізілетінін сөз етті.
– Заң жобасы жүргізушілерді даярлайтын мектептердің қызметін реттеуді көздейді. Қазіргі уақытта елімізде 727 автомектеп бар. Олар "хабарламалық" тәртіп бойынша жұмыс істейді, яғни автомектепке рұқсат алудың қажеті жоқ. Egov порталы арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Мемлекет оларды алдын ала тексермейді. Бақылау жүргізілмейді. Бұл кейбір автомектептердегі оқыту сапасының төмендеуіне әкеліп соғып отыр. Сондықтан автомектептердің қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Мұндай рұқсаттарды алу үшін оқу ұйымдарының жылжымайтын мүлкін пайдалану құқығын растайтын, оқу-материалдық базасын айқындайтын құжаттардың, даярлық бағдарламаларының болуы, сондай-ақ оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тізімдерін ұсыну талап етіледі, – деді Н.Сабильянов.
Сондай-ақ, автомектептердің тізілімі құрылады, оны Ішкі істер министрлігі жүргізбек. Автомектептердің қызметі заң талаптарына сай келмесе, олар тізілімге енгізілмейді және жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Бұл өз кезегінде бақылауды күшейтеді және автомектептердегі оқу сапасын арттырып, адал бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етпек.