Кейбір кәсіпкерлік нысандарда тексеріс жүргізілмейтін болды

721

Кейбір кәсіпкерлік нысандарда тексеріс жүргізілмейтін болды

Енді Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 50 шаршы метрден төмен кәсіпкерлік нысандарда тексеріс жұмыстарын жүргізбейді. Оған кішігірім сән салондары, тамақтану орындары, сауда орталықтары және моншалар кіреді. Бұл ақпаратты бас мемлекеттік санитарилық дәрігер Жандарбек Бекшин таратты. Оның айтуынша, аталған мекемелерде тұрғындардан арыз-шағым түскенде ғана жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ, комитет алдағы уақытта гипермаркеттерді де өз бақылауынан шығаруды жоспарлап отыр.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Төрағасының орынбасары:

"Бір адам осылай бізге звандаса, бізге растайтын материалдарын көрсетке, біз тексеріске шығамыз. Олар бізге алдын ала ақпарат береді. Біз жұмысқа кірісіп жатырмыз. Менің дайындығым бар. Менің нысаным санитарлық талаптарға сай деп береді. Егер бермесе біз оларды тексеріміз. Қазіргі таңда 99 пайыз меншікті объекті болып саналады. Өткен жылы 550 млн теңгеге айыппұл салынды. 190 тағаммен айналысатын объектілер тоқтатылды."

Ал, сауда нарығында камералық бақылау және өнімді таңдау жұмыстары қатаң жүргізілетін болады. Биыл эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары өнімді тексеру мақсатында сатып алу үшін мемлекеттен 60 млн теңге бөлінген. Оның осы айға жоспарланған 900 мың теңгесі толығымен жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу