Кейбір шенеунік шалбарының тізесі шыққанша қозғалмайды – Тоқаев

1482

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік қызметшілер саны оңтайлы екенін, дегенмен қысқаруы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Кейбір шенеунік шалбарының тізесі шыққанша қозғалмайды – Тоқаев

"Мемлекеттік қызмет кез келген азаматқа қолжетімді болуға тиіс. Кейбір шенеунік шалбарының тізесі шыққанша қозғалмайды, олармен қоштасу керек. Ақылға қонымды, сараланған тәсіл болуы керек", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың басшылары халықпен қарым-қатынас жасауды білмейді және кейде қорқады. "Әкімдер адамдар алдына шығуы тиіс. Қажетсіз бюрократиядан айығу керек".

Сондай-ақ Президент қағаз жұмыстарын азайту туралы да сөз қозғады.

"Мемлекеттік органдар макулатура көбейтіп жатыр. Біз цифрландыруды не үшін енгіземіз? Жиналыстардың көпшілігін онлайн форматта өткізу керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу