Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

238

Жаңа өзгерістер 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды Фото: autopart.kz

2026 жылдан бастап автокөлікті сақтандыру құны шартты алғаш жасасқан жүргізушілер үшін төмен болады.

Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған шара жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру жүйесіне кіруді жеңілдетіп, олардың қаржылық жүктемесін азайтады. Дегенмен көлік жас жүргізушілер үшін автосақтандыру құны қаншалықты төмен болатыны әзірге белгісіз.

"Бонус-малус" жүйесіндегі коэффициенттерді есептеу механизмі де өзгертілді. Енді оларды қолдану тәртібі нақтырақ болып, мемлекеттік деректер базаларына шектеулі қолжетімділік жағдайлары да ескерілген. Бұл сақтандыру жарнасын дұрыс есептемеу жағдайларын және автокөлік иелерінің шағымдарын азайтуға көмектеседі.

Еске салайық, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері өсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу