Келер жылы Атырау облысының халқы 99 пайыз газбен қамтылады - өңір әкімі

960

Келер жылы Атырау облысының халқы 99 пайыз газбен қамтылады - өңір әкімі

Келер жылы Атырау облысы халқының 99,7%-ы табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабаралайды atpress.kz.

Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы он елдімекенде ұзындығы 365 шақырым болатын магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр. Осылайша, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ ауылдары да "көгілдір" отынмен қамтылу мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Бүгінгі күні аталмыш магистралдың 53 шақырымы салынды. Сонымен қатар, осы елдімекендерде ұзындығы 67,6 км ауыл ішіндегі газ құбыры желісінің құрылысын бастау жоспарлануда. Бұдан бөлек, аймақтағы тағы 13 шағын елдімекенді газбен қамтудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысы халқының 99,7%-ы газбен қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу