Келер жылы ішімдік пен темекі қымбаттайды

1107

Келер жылы ішімдік пен темекі қымбаттайды

2018 жылы қаңтар айынан бастап темекі, арақ сынды өнімдерге акциздік құн көтеріледі. Соған байланысты тауарға қойылатын баға да өседі. Бұл туралы биылғы жылдың 11 ай көлеміндегі мемлекеттің қазынасына кіріс түсімі бойынша қорытынды жасаған ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
"Биылғы жылы акцизделетін өнімнің заңсыз айналымын анықтау мақсатында МКК ішімдік сатушыларына тексеру жүргізген болатын. Осы кезде былтырғыдан екі есе көп, яғни заңсыз ішімдіктің 11 миллионнан астам бөтелкесі тәркіленді. Ішімдік өндіру бойынша 44 жасырын цех қызметінің жолы кесілді, 4 миллионнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары алынды. Этил спирті мен арақ өндіріп отырған барлық өндірушілерді тексеру барысында 203 қылмыстық іс қозғалып, оларға 200 миллионнан теңгеден аса көлемде айыппұл салынды", - деді Ардақ Теңгебаев.

Сондай-ақ ол мұнай өнімдері нарығында заңсыз айналымнан 16 мың тоннадан астам мұнай өнімдері алынғандығын айта келе, 196 миллион теңге көлемінде заңсыз мұнай өнімдері бюджет кірісіне тәркіленгендігін, 95 қылмыстық және 23 әкімшілік іс қозғалғандығын нақтылап өтті.

"Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша республикада 9 миллион 700 мың дана заңсыз фактіні анықтадық", – деді кірістер комитетінің төрағасы.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүйелі шара ретінде есепке алудың бақылау аспабын пайдалана отырып, ішімдіктің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін есепке алу енгізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу