Келер жылы Өзбекстан Қазақстанға 900 млн кВт сағат электр энергиясын жеткізеді

140

Келісім бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізіп қана қоймай, Ресейден энергия транзитін өз желілері арқылы қамтамасыз етеді.  

Келер жылы Өзбекстан Қазақстанға 900 млн кВт сағат электр энергиясын жеткізеді Фото: forbes.kz

2026 жылы Өзбекстан Қазақстанға 900 миллион киловатт-сағат электр энергиясын жеткізетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Energy Monitor-ға сілтеме жасап.

Бұл электр энергиясы елдің оңтүстік аймағындағы электр станцияларында жоспарлы жөндеулер кезінде мүмкін болатын тапшылықты жабуға бағытталған.

Бұл келісім Чолпон-Атада екіжақты келіссөздер барысында жасалды.

Кездесу Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика және су шаруашылығы ведомстваларының алаңдарында өтті. Тараптар Токтогул су қоймасынан су шығаруды және электр энергиясын өзара жеткізуді реттейтін хаттамаларға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу