Келер жылы Шымкентте жылу бағасы арзандайды

448

Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді.  

Келер жылы Шымкентте жылу бағасы арзандайды Фото: egemen.kz

Бұл мақсатта шаһарды жылумен қамтамасыз ететін "Қуатжылу орталығына" 2 миллиард 356 миллион теңге субсидия бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.


Соның нәтижесінде қала тұрғындары және жылу тұтынатын өзге де мекемелер орта есеппен алғанда қазіргі тарифтен 41 пайыз төмен ақы төлейді. Жаңадан белгіленген төлемақы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл соңына дейін күшінде болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу