Келер жылы зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қандай болады?

615

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинағын алудың ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгереді.  

Келер жылы зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қандай болады? Фото: enpf.kz

БЖЗҚ 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп жазады inbusiness.kz қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қордың мәліметіне сәйкес, 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі жас мөлшеріне байланысты 3-10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Мысалы, зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алу үшін 20 жастағы азаматтың шотында 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағы азаматтың шотында 4 миллион 580 мың теңге болуы тиіс.

"Келер жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделіп отыр. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу