"Келешек" бағдарламасы қыркүйек айында іске қосылуы мүмкін

627

Тиісті заң Мәжілістің қарауына енгізілген.

"Келешек" бағдарламасы қыркүйек айында іске қосылуы мүмкін Фото: facebook.com/sayasat

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келешек" бағдарламасы биыл басталады. Қазіргі таңда қажетті заң Мәжілістің қарауына енгізілді, талқылаулар басталды. Осы сессияның соңына дейін бітірсек, онда бағдарлама биыл қыркүйек айында толыққанды жүзеге асырылады", - деді спикер.

Тілшілер бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер анықталды ма деп сұрады.

"Банктердің тізіміне келсек, Ұлттық Банктің нақты қағидаттары бар. Осындай мемлекеттік бағдарламаға сәйкес келетін банктер қатыса алады. Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұсынымына қараймыз. Бұл үшін заң қабылдау қажет. Одан кейін тиісті рәсімдер басталады", - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу