Келесі айда доллар бағамы 483 теңгеге жетуі мүмкін

389

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.  

Келесі айда доллар бағамы 483 теңгеге жетуі мүмкін Фото: dknews.kz

Арнайы сауалнамаға қатысқан сарапшылардың болжамынша, алдағы бір жыл ішінде доллар 520 теңгеге дейін қайта қымбаттауы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Себебі, валюта бағамына мұнай бағасының жоғары болуы және теңгелік қаржы құралдарының тартымдылығы әсер етеді.

Айта кетерлігі, бұған дейінгі маусым айындағы сауалнамада бұл көрсеткіш 518,9 теңге болады деп көрсетілген еді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 466 теңгеге дейін төмендеген.

Бұдан бөлек, сарапшылардың 53 пайызы Ұлттық банк 24 шілдеде базалық мөлшерлемені 17 пайыз деңгейінде сақтайды деп есептейді. Қалған 47 пайызы оның 16,75 пайызға дейін төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

24 шілдеде Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті отырысы өтеді. Осы ретте сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі, яғни 53%-ы проинфляциялық тәуекелдердің күшеюіне байланысты бас банк мөлшерлемені қазіргі 17% деңгейінде қалдырады деген ұстанымда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу