banner

Келесі жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы жүзеге асырылады

609

Бүгінде ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. 

Келесі жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы жүзеге асырылады

Оның ішінде 2 мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, мыңнан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана бар.

2023 жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы жүзеге асырылмақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдағы екі жылда 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысандары, 32 ауданаралық көпсалалы ауруханалар ашылатын болады. Бұл мақсаттарға 217 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді", – деді Мәжілістің вице-спикері Балайым Кесебаева.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл жоба негізгі 2 мінжетті қамтиды. Біріншісі – жетіспейтін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын салу арқылы ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

"Екіншісіне заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған негізгі 5 орталықты қосымша орналастыра отырып, заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін ұйымдастыру жатады", – деді ведомство басшысы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу