Келесі жылы Ақтөбе облысында 21 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

538

Бұл мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында мүмкін болмақ.

Келесі жылы Ақтөбе облысында 21 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 2021 жылы биылғымен салыстырғанда көбірек жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. 

"Келесі жылы мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында кем дегенде 21 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 11 мыңы тұрақты жұмыс орны болып қалады деп жоспарлап отырмыз. Бұл биылғы жылғы 20 мыңмен салыстырғанда өсім болады. Бұларды инвестициялық жобалармен байланыстырып отырмыз", – деді Оңдасын Оразалин. 

Сондай-ақ өңір әкімінің айтуынша, биыл 50 мың мұнайшы мен кеншінің жалақысы 15%-ға өскен. Келесі жылы да ірі кәсіпорындарға жұмысшыларының айлығын көтеру туралы талап қойылмақ.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу