Келесі жылы ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болады

215

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылауға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келесі жылы ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болады Фото: canva

Құжатта 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі қаржылық есептік көрсеткіштердің қанша болатыны айтылған.

Атап айтқанда:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 мың теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 35 596 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi 69 049 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш 4 325 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы  50 851 теңге болып белгiленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу