Келесі жылы кәсіпорындардан "шынайы ақпарат аламыз" – Әлихан Смайылов

487

Қоршаған ортаны жақсарту үшін келесі жылғы 1 қаңтардан бастап ірі кәсіпорындарда эмиссиялар мониторингінің автоматты жүйесін енгізу қажеттілігі туралы норма күшіне енеді. 

Келесі жылы кәсіпорындардан "шынайы ақпарат аламыз" – Әлихан Смайылов

Аталған шара әрбір кәсіпорынның зиянды қалдықтары туралы жедел әрі шынайы ақпарат алуға бағытталған. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов 23 тамыздағы Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusines.kz.

Жұмыс "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында жүргізіледі.

"Бұл норма кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтар деңгейі асып кеткен жағдайда жедел шаралар қолдануға мүмкіндік береді", – дейді Смайылов.

Осы ұлттық жобаға 2021 жылы оған 89,3 миллиард теңге, биыл шамамен 161 миллиард теңге қарастырылған. Алдағы жылдары да мллиардтар бөлінетіні анық.

Үкімет ұзақ мерзімге мынадай жоспар құрып отыр:

  • "Атмосфералық ауаның сапасын арттыру" міндеті аясында 10 ірі қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында шығарындыларды 20%-ға азайту қарастырылған. 
  • Алматы ЖЭО-2 газға көшіру жоспарлануда, бұл 2025 жылға қарай ластаушы заттардың шығарындыларын 80%-ға азайтады. 
  • Атырау мұнай өңдеу зауытында түтін газдарын католикалық крекингтен тазарту және қондырғылардағы отын газын аминмен өңдеу жұмыстары жүргізілуде, бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 3,6%-ға азайтады. Жалпы 2030 жылға қарай шығарындылардың 9,1%-ға төмендеуі жоспарланған.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу