Келесі жылы мемлекеттен жәрдемақыны кімдер ала алады

556

Бұйрық келесі жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Келесі жылы мемлекеттен жәрдемақыны кімдер ала алады Фото: canva.com

Қазақстанда Ұлттық экономика министрінің 15 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтардың санаттарының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін", – деп жазылған құжатта.

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаты:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
2) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
4) зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
5) 18 жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
7) 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
8) 2020 жылғы 28 қазандағы №ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығымен бекітілген айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға.

Сонымен қатар тізімде екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлғалар мен кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар жеке тұлғалар да бар.

Бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу