Келесі жылы педагогтердің жалақысы көбейе ме? – Министрлік жауап берді

2023 жылы барлық педагогтің жалақысы 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 100%-ға артты. 

Келесі жылы педагогтердің жалақысы көбейе ме? – Министрлік жауап берді Фото: gov.kz

Ал осы аралықта мектепке дейінгі тәрбиешілердің жалақысы 130%-ға өскені айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқу-ағарту министрлігі "2026 жылы педагогтердің жалақысы артуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді. 

– Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен шығыстарды ұлғайту көзделген нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде Республикалық бюджет комиссиясында қаралуы тиіс, – делінген ресми жауапта.

Демек, педагогтердің жалақысына қатысты жаңалық алдағы уақытта ғана белгілі болады. 
Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының лауазымдық жалақылары 4 жыл қатарынан 25%-ға көтерілгені рас. Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бері тәрбиешілер мен мектепке дейінгі білім педагогтерінің жалақысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай 30%-ға артқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу