Келесі жылы "Салық әмиянына" ұқсас тетікті іске қосамыз – Мәди Такиев

124

Қосымша онлайн-көмекші "Калькулятор" да іске қосылады. 

Келесі жылы "Салық әмиянына" ұқсас тетікті іске қосамыз – Мәди Такиев Фото: Үкімет

2026 жылы "Салық әмиянына" ұқсас тетік іске қосылады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылы заңды тұлғалар үшін Бірыңғай жеке кабинетте жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған "Салық әмиянына" ұқсас тетікті іске қосамыз. Салық төлеуші төлемдердің автоматты түрде шешілу түрін таңдай алады, немесе есептен шығару басымдықтарын реттей алады. Қосымша онлайн-көмекші "Калькуляторды" іске қосамыз. Ол сауалнама бойынша: оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды, салық салудың қолайлы режимін, есептілік тізбесін, тапсыру және төлеу мерзімдерін, өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді", – деді Мәди Такиев.

Айта кету керек, бұған дейін енді кейбір кәсіпкерлер тоқсан сайын салық есебін тапсырмайтынын жазғанбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу