Келіншегімен сөзге келіп қалған ақтөбелік аялдаманы аяусыз тепкіледі

Құқықбұзушылық жасаған тұрғын өз кінәсін мойындап отыр.   

Келіншегімен сөзге келіп қалған ақтөбелік аялдаманы аяусыз тепкіледі Фото: бейнежазбадан

Қазір оған полиция әкімшілік хаттама толтырып, уақытша қамауға да алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға Ақтөбе қаласы, Жалаңтөс батыр даңғылы бойындағы аялдамалардың бірінде тіркелді. Ер адам аялдаманы аяғымен теуіп, сындырған. Бұл сәт автокөліктегі бейнежазбаға түсіп қалған, сосын әлеуметтік желіге кеңінен тараған.

Полиция қызметкерлері аялдаманы тепкілеп, сындырған ақтөбелікті тез арада анықтады. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев онымен сөйлесіп, мұндай қадамға не үшін барғанын сұрады.

– Ол өзінің кінәсін мойындап, заңнамада қарастырылған жауапкершілікті қабылдауға дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта ақтөбелік полиция бөлімшесінде. Процессуалды шешім қабылданғанша отырады, – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Желіге тарап кеткен бейнежазбадан аялдамада 3 адамның тұрғанын көру қиын емес. Оның бірі – әйел. Ақтөбелік дәл сол кезде келіншегімен ұрысып, ашу барысында аялдаманы сындырғанын мойындап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу