"Кемеңгер тұлғалардың Ұлы аналары" кітабының тұсаукесері өтті

1515

Шығарма авторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

"Кемеңгер тұлғалардың Ұлы аналары" кітабының тұсаукесері өтті

"Қазақ халқында "жұмақтың кілті ананың табанының астында" деген асыл сөз бар. Осыдан-ақ біздің қоғамымызда аналарға деген ерекше ықылас қалыптасқанын байқауға болады. Кітапта аналардың өмірбаяны емес, ұрпағының елге еңбек сіңірген тұлға дәрежесіне жетуіне қосқан үлесі туралы жазылған. Жүрегімізге ерекше сезім ұялататын шығарма болады деп есептеймін", – деді кітап авторы. 

Шығарма бірнеше бөлімнен тұрады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан Назарбаева, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің анасы Мария Путина, атақты ғалым Томас Эдисонның анасы Нэнси Элиот, Түркия Республикасының негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің анасы Зүбейда ханымға арналған бөлімдері бар. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп туынды ананың рөлі, перзент тәрбиелеудегі орны, оның махаббаты туралы ерекше деректерді қамтығанын айтады. 

"Мәселен, Тұңғыш Президентіміздің анасы Әлжан ана туралы ерекше детальдар бар. Жарықты ойлап тапқан ғалым Томас Эдисонның анасының перзент тәрбиесіндегі ерекше ықыласы туралы жазылған тұстары бар. Мұхамед Әлидің, Шарль де Гольдің, Пабло Пикассоның анасы туралы да ерекше толғаныстар бар. Бұл материалдарды байланыстырып тұрған нәрсе – осы тарихи тұлғалардың бәрінің анасы сол өзінің перзентіне деген махаббатына адал болған. Міне, осы жүйені кітаптың басынан бастап, соңғы нүктесіне дейін байқауға болады. Шығарма адамға сенім ұялатып, тұлға болып қалыптасуына ана махаббатының қаншалықты керек екенін дәлелдеп тұр", – деді депутат. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу