Кен өндіру өнеркәсібінің жоспары орындалған жоқ

649

Басқа салалардың барлығында оң көрсеткіш тіркелді.

Кен өндіру өнеркәсібінің жоспары орындалған жоқ Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өткен айдағы іскерлік белсенділіктің көрсеткішін жариялады. 

Оның сөзінше, кен өндіру өнеркәсібінде ғана жоспар орындалмаған, қалған салаларда барлығы ойдағыдай болған. 

"Жалпы экономика бойынша инвестиция өсті. Өсім денсаулық сақтау саласында – 85,7, байланыста – 62,4, сумен жабдықтауда – 27,4, тұрғын үй құрылысында – 25,2, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1, өңдеуде – 7,3 және көлікте – 5,7% ұлғайды", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болған. 

"Ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқа салаларда да оң көрсеткіш тіркелді. Бір сөзбен айтқанда, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділікті жандандырды. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу