Кен орындарын барлауға 780 млрд теңге инвестиция тартылады

1237

Үкіметте геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды.

Кен орындарын барлауға 780 млрд теңге инвестиция тартылады

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында айтты. 

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарлама бюджет және жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. 

"Іс барысында көмірсутегін барлауға шамамен 680 млрд теңге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға 100 млрд теңге инвестиция қажет болады", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу