Кеңеске мүше елдер арасында "жасыл дәліздер" ашу қажет – Мемлекет басшысы

644

Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңеске мүше елдер арасында "жасыл дәліздер" ашу қажет екендігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Кеңеске мүше елдер арасында "жасыл дәліздер" ашу қажет – Мемлекет басшысы

"АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет. Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу керек.

"Бұдан бөлек тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында "жасыл дәліздер" ашуымыз қажет. Штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективті болмақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кеңеске мүше елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескеру арқылы мұқтаж елдерді азық-түлікпен, тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде шаралар қабылдауға болатынын атап өтті.

Фото: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу