Кенияда шетелдік туристер мінген Mombasa Air Safari әуе компаниясының шағын ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 11 адамның бәрі – кениялық ұшқыш, сегіз венгриялық және екі неміс азаматы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми деректерге сүйенсек, әуе кемесі Диани қаласынан 40 шақырым жерде, таулы және орманды аумақта құлаған. Апат кезінде қатты жаңбыр жауған. Куәгерлер жарылыстың дауысын естігендерін жеткізді.
Қазір құтқару және тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әуе компаниясы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, тергеуге толық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Масай-Мара ұлттық қорығы Кенияның ең ірі туристік аймақтарының бірі саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу