"Кеңқияқ – Атырау" магистральдық құбыры арқылы 5 млн 30 мың тонна мұнай тасымалданды

293

"ҚазТрансОйл" АҚ пен CNPC бірлесіп бақылайтын "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" өндірістік қорытындысын жария етті.

"Кеңқияқ – Атырау" магистральдық құбыры арқылы 5 млн 30 мың тонна мұнай тасымалданды Фото: kaztransoil.kz

Биыл 9 айда "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 5 млн 30 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Оның ішінде компания ішкі нарыққа 4 млн 262 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Экспортқа 768 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 32%-ға артық.

2026 жылдың тоғыз айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнай айналымы 2 млрд 51 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары.

Өндірістік көрсеткіштердің өсуі отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес экспорттық бағыттағы мұнай тасымалдау көлемінің артуымен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу