Барлығы шамамен 180 адам, 24 мотопомпа және 14 бірлік техника жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар халыққа және ұйымдарға көмек көрсетіп, су сору жұмыстарын жүргізуде, су басқан аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз еттті.

Нөсерлі жауын-шашын салдарынан кейбір аумақтарда су деңгейі 25 см-ге дейін көтерілді. Жедел әрекет ету мақсатында Түркістан облысы ТЖД арнайы жедел штабы құрылды.
Су сору жұмыстары жүргізіліп, инертті материалдар толтырылған 500 қап пайдаланылды. Жалпы көлемі 2425 текше метр су сорылып шығарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу