Екі қабатты нысанның қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, ал шатырына ағаш төселіп, профнастилмен жабылған.
"Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер мен 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 маман мен 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу