Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылды. Аталған фаткі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.
"Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу