Кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды

485

Сенаттың жалпы отырысында "ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң қабылданды. 

Кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды

Құжатқа сәйкес, Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 трлн 700 млрд, 2022 жылы – 2 трлн 400 млрд, 2023 жылы – 2 трлн 200 млрд теңге кепілдендірілген трансферт бөлінеді.

"Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыны төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін жасауға бағытталады. Кепілдендірілген трансферт Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шартты қамтамасыз етеді", – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу