Кепілдіктегі активтер экономикалық айналымға қайтарылады

548

Президент жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары аясында "Өндірушіден тұтынушыға дейін" тізбегіндегі бағаны бақылайтын мемлекеттік орган айқындалып, "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заң әзірленеді. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кепілдіктегі активтер экономикалық айналымға қайтарылады Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың мерзімі ұзартылады. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманы даярланады. 2025 жылға қарай цифрлық саладағы қызмет пен тауар экспорты 500 млн долларға жеткізіледі. 

"Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленеді. 

Отандық өнеркәсіп үшін шикізаттың қолжетімділігін және көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету шарасы даярланады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу