"Кепілсіз несие рәсімдеймін": Оралда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

472

Күдікті Instagram әлеуметтік желісі арқылы кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жасаған.  

"Кепілсіз несие рәсімдеймін": Оралда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Ер адам тұрғындарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндірген.

Батыс Қазақстан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұрағаны анықталды. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген.

"Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, SIM-карта және 4 банк картасы тәркіленді", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 1,5 млн теңгеден астам.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу