Билік халықтың шамадан тыс несие алуын азайтуға кірісті

Үкімет Қаржы қадағалау агенттігінің халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған барлық ұсыныстарын қолдайды.

Билік халықтың шамадан тыс несие алуын азайтуға кірісті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, жалпы, халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету кешенді шараларды көздейді.

Әсіресе банктер мен микроқаржылық ұйымдардың пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап етеді. 

Бұл тұрғыда қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталуда.

Атап айтқанда, түзетулер топтамасы:

халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге;

алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға;

және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған. 

"Сондай-ақ, кепілсіз онлайн-кредиттеу сегментінде тәуекелдерді азайту мәселелері қарастырылуда. Үкімет Қаржы қадағалау агенттігінің халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған барлық ұсыныстарын қолдайды". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу