Кермадек аралдарында қатты жер сілкінісі болды

541

6 баллдық жер сілкінісі Тынық мұхитында Кермадек (Жаңа Зеландия) арал жанында тіркелген. 

Кермадек аралдарында қатты жер сілкінісі болды Фото: google

Бұл туралы РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы хабарлады.

Алтай-Саян филиалының жедел өңдеу мәліметтері бойынша, Мәскеу уақытымен 03:42-де тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы Тауранга қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1040 шақырым жерде және Кермадек архипелагының құрамында Рауль аралынан оңтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Зілзала ошағындағы дүмпулердің қарқындылығы бойынша жер сілкінісі "өте күшті" деп бағаланады.

АҚШ Геологиялық қызметі сейсмикалық оқиғаның магнитудасын 7,1 деп бағалады, ошақ 49 шақырым тереңдікте жатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу