Кэрри Лам АҚШ-тың Гонконг туралы заңына қатысты пікірін білдірді

654

Гонконг Вашингтонның бұл қадамын аймақтың ішкі істеріне араласу деп санайды. 

Кэрри Лам АҚШ-тың Гонконг туралы заңына қатысты пікірін білдірді

Арнайы әкімшілік аймақтың басшысы Кэрри Лэмның айтуынша, Құрама Штаттардың Гонконг туралы қабылдаған заңы мұндағы бизнеске қолайсыз жағдай тудырмақ.  

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Гонконгқа қатысты екі заңға қол қойған болатын. Біріншісі – "Гонконгтағы демократия мен адам құқығын қорғау туралы заң". Екіншісі – АҚШ-та жасалған полицейлік жабдықтарды Гонконгқа сатуға тыйым салу туралы заң.  

Гонконг басшысының айтуынша, аймақ үкіметі бұл заңдарды қажетсіз және қисынсыз деп таниды, әрі Вашингтонның бұл қадамын Гонконгтың ішкі істеріне араласу деп есептейді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу