Кеше Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келген. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2 242 жолаушының ішінде 1 900 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, ал 342 қазақстандықта анықтама болмаған.
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;
 - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;
 - Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.
 
"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– деп жазылған хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу