Кеуде қуысы деформацияланған жасөспірімге ота жасалды

1056

Балада патология 6 жасында пайда болды. 

Кеуде қуысы деформацияланған жасөспірімге ота жасалды

Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері кеуде қуысы үлкейіп, қабырғалары сыртқа томпайып шығып кеткен 16 жастағы пациентке операция жасады. Ота құны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы төленді.

Баланың кеудесіндегі патология 6 жасында пайда болған. Уақыт өте келе сыртқа томпайып шығып кеткен.

Жан-жақты тексере келе, торакальды хирургтар ота жасау туралы шешім қабылдаған.

Нұрлан Жарылқапов пен Мұқтар Нысанбай, анестизиолог Таива Ракова мен операциялық медбике Динара Орталықтан құралған бригада күрделі отаны сәтті жасап шықты.

"Операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды. Пациентке Кандрашин әдісі бойынша торакапластика жасалып, кеуде қуысына титан пластина орнатылды. Науқас отадан соң 7 күн өткеннен кейін ауруханадан шықты", - дейді торакалды хирург Мұқтар Нысанбай.

Дәрігердің айтуынша кеуде қуысының деформациясы әдетте туабітті немесе жүре пайда болады. Бұл ақау көбіне ұл балаларда кездеседі.

"Уақытылы түзетпесе асқынып, пациенттің тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауыра бастайды. Қазір оны хирургиялық жолмен түзетуге болады", - дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу