Кез-келген ана ұлын соңына дейін қорғайды – Бишімбаевтың анасы

177

Оның айтуынша, сот тергеуінде Салтанат Нүкенованың өліміне не себеп болғаны анықталмаған.

Кез-келген ана ұлын соңына дейін қорғайды – Бишімбаевтың анасы Фото: видеодан алынған кадр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова соттың жарыссөзінде сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, сот тергеуінде Салтанат Нүкенованың өліміне не себеп болғаны анықталмаған.

"Мен өмірімнің соңына дейін менің тарапымнан қандай қателік кеткенін талдап, түсінуге тырысамын. Кез-келген ана ұлын соңына дейін қорғайды. Менің ұлымның айтқан сөздері куәгерлердің айғақтарында, көрсетілген хаттар мен фактілерде расталды деп ойлаймын. Тергеу Салтанаттың өліміне не себеп болғанын және қай уақытта қайтыс болғанын анықтаған жоқ", - дейді Альмира Нұрлыбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу