Кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй: Астанада 562 пәтер бөлінеді

642

Өтініштер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады.  

Кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй: Астанада 562 пәтер бөлінеді Фото: gov.kz

Астанада 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жақын арада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кредиттік тұрғын үй беру үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2, 36/3 үйлерден барлығы 562 пәтер беріледі.

Оның ішінде:

  • 1 бөлмелі – 166 пәтер;
  • 2 бөлмелі – 276 пәтер;
  • 3 бөлмелі – 80 пәтер;
  • 4 бөлмелі – 40 пәтер.

"Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі. Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.

Сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ – 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), бастапқы жарна – 10%-дан басталады", – деп хабарлады тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу