Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қаражат қарастырылмаған

1083

Соңғы күндері саясаттанушылар кезектен тыс президент сайлауы болуы мүмкін екенін айта бастады.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қаражат қарастырылмаған

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге бюджеттен қаражат қарастырылмаса да, қажет болған жағдайда шара үкіметтің резервінен қаржыландырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

"Бюджеттен қаражат, әрине, қарастырылмаған. Бюджетте жоспардағылар ғана ескеріледі. Сайлау бұл жылға жоспарланбағандықтан, ол енбеген. Бірақ, үкіметтің қоры деген бар, кезек күттірмейтін шығыстар содан жаратылады. Егер қажет болып жатса, біз қаржыландырамыз",– дейді Руслан Дәленов.

Соңғы күндері бірқатар саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауы болуы мүмкін екенін айта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу