ҚФФ-ны 14 жыл басқарған Әділбек Жақсыбеков бұл жолы сайлауға түсуден бас тартты

1461

ҚФФ президенті сайлауына түсуге 5 үміткер тіркелді. 

ҚФФ-ны 14 жыл басқарған Әділбек Жақсыбеков бұл жолы сайлауға түсуден бас тартты

"Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті. Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ Конференциясында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚФФ президенті Жақсыбеков Ә.Р. кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелген жоқ.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді: 

Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президентінің кеңесшісі;

Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – "Қазақстан әуесқой футбол лигасы" ҚБ төрағасы;

Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Lancaster Group Kazakhstan" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Лория Давид Григорьевич – "Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президенті;

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қайрат" АФК президенті;

Айта кетсек, Әділбек Жақсыбеков бүгін жарияланған үндеуінде федерацияға өзі басшылық еткен жылдары қандай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. 2007 жылдан бері басшылық етіп отырған ол енді бұл орынды босататын уақыт жетті деп есептейді екен.

"ҚФФ мүшелерінің көпшілігі маған қолдау білдіріп, кандидатурамды ұсынғанына қарамастан, мен жаңа мерзімге сайланбау туралы шешім қабылдадым. Федерация президенті лауазымын босататын уақыт келді деп санаймын",- деп жазылған үндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу