ҚХА атынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидат көпшіліктің дауыс беруімен таңдалады

697

ҚХА мәжіліс депутаттығына кандидатты сайлауға 1 ай қалғанға дейін ұсына алады. 

ҚХА атынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидат көпшіліктің дауыс беруімен таңдалады

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) атынан сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады. 

"2007 жылдан бастап Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы ассамблея кеңесіне тиесілі. ҚХА кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. ҚХА сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлауға 1 ай қалғанда, яғни 11 желтоқсанда басталып, 21 желтоқсанда аяқталады, – деді Ерлан Дауылбаев. 

ОСК өкілінің сөзінше, кандидаттарға қойылатын талап партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптан ерекшеленбейді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу