banner

КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларын дереу тоқтатуды талап етті

934

Солтүстік Корея сейсенбіде Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың дүйсенбіде басталған бірлескен әуе жаттығуларына жауап ретінде қатаң шаралар қабылдауы мүмкін екенін ескертті. 

КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларын дереу тоқтатуды талап етті Фото: KCNA | Источник: via REUTERS

"Бұл негізінен Корея түбегіндегі жағдай күрт өзгерер болса, КХДР-дың стратегиялық нысандарына соққы беруді пысықтауға бағытталған агрессивті әскери жаттығулар", - делінген Кореяның орталық ақпарат агенттігі (КОАА) жариялаған КХДР СІМ өкілінің мәлімдемесінде, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Дипломат Пхеньян "өзінің егемендігін, халықтың қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы әскери қауіптерден қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын" деп ескертті.

"Егер АҚШ әскери арандатушылықты ары қарай жалғастырар болса, КХДР одан да күшті жауап қайтарады", — делінген хабарламада.

Соңғы бес жылда Vigilant Storm АҚШ-Оңтүстік Кореяның алғашқы ірі бірлескен әуе жаттығулары дүйсенбіде басталды. Оқу-жаттығуға 240-тан астам ұшақ, соның ішінде жаңартылған "көрінбейтін" ұшақтар жұмылдырылған.

Оңтүстік Корея Әскери-әуе күштері атынан шамамен 140 ұшақ, олардың арасында F-35A "көрінбейтін" жауынгерлері, сондай-ақ F-15K мен KF-16 ұшақтары жұмылдырылған. АҚШ әуе күштерінен Жапонияның Окинава аралында орналасқан F-35B "көрінбейтін" жауынгерлері мен EA-18 электронды соғыс ұшақтарын қоса алғанда, 100 бірлік техника ұсынылған. Оқу-жаттығу барысында барлығы 1,6 мыңнан астам жауынгерлік ұшуды орындау жоспарлануда.

Одақтастар "Солтүстік Корея тарпынан қауіп-қатерлердің өсуіне тосқауыл қоюды күшейтуге тырысады", - деп атап өтті агенттік жергілікті шенеуніктердің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу